«Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық-процестік, Қылмыстық-атқару кодекстеріне және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне оларды Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келтіру, Қазақстан Республикасының сайлау және прокуратура туралы заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 11 маусымдағы № 307-VIII Заңы (қолданысқа енген жоқ)

Предыдущая страница

4-тармағының 28) тармақшасы 2026 ж. 12 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі

28) 445-бапта:

мынадай мазмұндағы 4-1-бөлікпен толықтырылсын:

«4-1. Ойын бизнесін ұйымдастырушының банктік салым шартын жасасу кезінде ашылған банктік шоттар бойынша есептілікті және (немесе) ақшаның болуы мен қозғалысы туралы анықтаманы ұсынбауы немесе уақтылы ұсынбауы -

орта кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;

он бірінші бөлік «төртінші,» деген сөзден кейін «4-1,» деген цифрлармен толықтырылсын;

4-тармағының 29) тармақшасы 2026 ж. 12 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі

29) 445-1-бап мынадай мазмұндағы 4-1 және 5-1-бөліктермен толықтырылсын:

«4-1. Мыналарды:

1) лотерея операторының электрондық лотерея билеттерін өзінің ресми интернет-ресурсы және лотерея мобильді қосымшасы арқылы дербес таратуы жөніндегі талаптарды;

2) көппәтерлі тұрғын үйлерде, жатақханаларда, білім беру ұйымдарында және олардан бір жүз метр радиуста, денсаулық сақтау ұйымдарында және олардан бір жүз метр радиуста, ғибадат ғимараттарында (құрылысжайларында), мәдениет ұйымдары орналасқан жеке тұрған ғимараттар мен құрылысжайларда лотерея билеттерін таратуға және лотерея терминалдарын орнатуға тыйым салуды бұзу түрінде көрінген, лотерея билеттерін, электрондық лотерея билеттерін таратуға (өткізуге), лотерея терминалдарын орнатуға қойылатын талаптарды сақтамау -

жеке тұлғаларға - жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - сексен, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;

«5-1. Осы баптың 4-1-бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -

жеке тұлғаларға - қырық, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;

30) 453-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы, екінші бөлігінің бірінші абзацы және төртінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылыс негіздерін күштеп өзгертуді, аумағының тұтастығына , Егемендігі мен Тәуелсіздігіне қол сұғуды, қоғамдық тәртіпті бұзуды, ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіруді, соғысты, қарулы қақтығысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, этностық, діни басымдықты немесе алауыздықты, қатыгездікке, зорлық-зомбылыққа бас ұруды және порнографияны насихаттауға немесе үгіттеуге бағытталған мәліметтер мен материалдарды қамтитын масс-медиа өнімін Қазақстан Республикасының аумағында дайындау, сақтау, әкелу, тасымалдау -»;

«2. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылыс негіздерін күштеп өзгертуді, аумағының тұтастығына, Егемендігі мен Тәуелсіздігіне қол сұғуды, қоғамдық тәртіпті бұзуды, ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіруді, соғысты, қарулы қақтығыстарды, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, этностық, діни басымдықты немесе алауыздықты, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды насихаттауға немесе үгіттеуге, экстремизмді немесе терроризмді насихаттауға және ақтауға бағытталған, сондай-ақ терроризмге қарсы операцияларды жүргізу кезеңінде олардың техникалық амалдары мен тактикасын ашатын мәліметтер мен материалдар қамтылған масс-медиа өнімін Қазақстан Республикасының аумағында тарату, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, -»;

«4. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылыс негіздерін күштеп өзгертуді, аумағының тұтастығына, Егемендігі мен Тәуелсіздігіне қол сұғуды, қоғамдық тәртіпті бұзуды, ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіруді, соғысты, қарулы қақтығысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, этностық, діни басымдықты немесе алауыздықты, қатыгездікке, зорлық-зомбылыққа бас ұруды және порнографияны насихаттауға немесе үгіттеуге бағытталған мәліметтер мен материалдар қамтылған, масс-медиаға жатпайтын өзге де өнімді Қазақстан Республикасының аумағында дайындау, сақтау, әкелу, тасымалдау, тарату, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, -»;

4-тармағының 31) тармақшасы 2026 ж. 12 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі

31) 455-бапта:

бесінші бөліктің бірінші абзацындағы «1-1,» деген цифрлар алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:

«6. Осы баптың 1-1-бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -

жеке тұлғаларға - бір жүз жетпіс, лауазымды адамдарға - екі жүз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - екі жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне алты жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;

32) 472-баптың бірінші бөлігінің 4) тармақшасындағы «Парламентінің» деген сөз «Құрылтайының» деген сөзбен ауыстырылсын;

33) 508-баптың бірінші абзацы «жеке өмірі» деген сөздерден кейін «, жеке және отбасы құпиясы» деген сөздермен толықтырылсын;

34) 584-бапта:

тақырып «Кемелерді» деген сөзден кейін «, оның ішінде шағын көлемді кемелерді» деген сөздермен толықтырылсын;

үшінші бөліктің бірінші абзацы «Кеме» деген сөзден кейін «, оның ішінде шағын көлемді кеме» деген сөздермен толықтырылсын;

35) 647-бапта:

тақырыптағы «Азаматтардың» деген сөз «Қазақстан Республикасы азаматтарының» деген сөздермен ауыстырылсын;

бірінші абзацтағы «азаматтың» деген сөз «Қазақстан Республикасы азаматының» деген сөздермен ауыстырылсын;

36) 649-баптың бірінші абзацындағы «азаматтың» деген сөз «Қазақстан Республикасы азаматының» деген сөздермен ауыстырылсын;

37) 655-баптың бірінші абзацындағы «азаматтың» деген сөз «Қазақстан Республикасы азаматының» деген сөздермен ауыстырылсын;

4-тармағының 38) тармақшасы 2026 ж. 12 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі

38) 664-1-баптың тақырыбы мен бірінші бөлігінің бірінші абзацы «қаулысын» деген сөзден кейін «, нұсқауын, нұсқамасын» деген сөздермен толықтырылсын;

4-тармағының 39) тармақшасы 2026 ж. 12 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі

39) 684-баптың бірінші бөлігі:

«116,» деген цифрлардан кейін «116-1,» деген цифрлармен толықтырылсын;

«444 (бірінші бөлігінде),» деген сөздерден кейін «445 (үшінші және он екінші бөліктерінде), 445-1 (жетінші бөлігінде),» деген сөздермен толықтырылсын;

40) 686-бапта:

бірінші бөлік 3) тармақшадағы «саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.» деген сөздер «саласындағы;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

«3-1) осы Кодекстің 580, 581 (екінші бөлігінде), 582, 583 (екінші және үшінші бөліктерінде), 584, 586-баптарында көзделген шағын көлемді кемелерді пайдаланудың тиісті тәртібін қамтамасыз ету саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.»;

мынадай мазмұндағы 4-1-бөлікпен толықтырылсын:

«4-1. Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарының азаматтық қорғау саласындағы бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын қызметкерлері, әскери қызметшілері шағын көлемді кемелерді пайдаланудың тиісті тәртібін қамтамасыз етумен байланысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның атынан әкімшілік жаза қолдануға құқылы.»;

41) 691-бапта:

бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Көлік және коммуникациялар саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 230 (екінші бөлігінде) (теміржол көлігімен, теңіз және ішкі су көлігімен тасымалдаушылар жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 464, 564 (бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 565, 580 (шағын көлемді кемеде жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты бұзушылықтар туралы істерді қоспағанда), 581 (бірінші бөлігінде), 582 (шағын көлемді кемені пайдаланумен және (немесе) басқарумен байланысты құқық бұзушылықтар туралы істерді қоспағанда), 583 (бірінші бөлігінде), 633, 634-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.»;

екінші бөліктің бірінші және төртінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Көліктік бақылау органдары осы Кодекстің 464, 559 (екінші, үшінші, төртінші, алтыншы, жетінші, сегізінші және тоғызыншы бөліктерде), 561, 571, 571-1, 572, 573, 575, 577, 578, 579, 580 (шағын көлемді кемеде жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты бұзушылықтар туралы істерді қоспағанда), 581 (бірінші бөлігінде), 582 (шағын көлемді кемені пайдаланумен және (немесе) басқарумен байланысты құқық бұзушылықтар туралы істерді қоспағанда), 583 (бірінші бөлігінде), 584 (шағын көлемді кемені пайдаланумен байланысты бұзушылықтар туралы істерді қоспағанда), 585, 587, 588, 590 (сегізінші бөлігінде), 616, 618, 621 (бірінші, екінші және төртінші бөліктерінде), 623, 624-1, 625 (автомобиль көлігіндегі бұзушылықтар бөлігінде), 627, 628-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.»;

«2) осы Кодекстің 464 (бірінші бөлігінде), 561, 571 (екінші, 2-1, үшінші, төртінші, бесінші, жетінші және сегізінші бөліктерінде), 571-1 (бірінші бөлігінде), 572, 573, 582 (шағын көлемді кемені пайдаланумен және (немесе) басқарумен байланысты құқық бұзушылықтар туралы істерді қоспағанда), 583 (бірінші бөлігінде), 584 (шағын көлемді кемені пайдаланумен байланысты бұзушылықтар туралы істерді қоспағанда), 585, 587, 588, 616 (бірінші бөлігінде), 621 (бірінші, екінші және төртінші бөліктерінде), 623, 625 (автомобиль көлігіндегі бұзушылықтар бөлігінде), 627-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша - көліктік бақылау органдарының осындай уәкілеттік берілген лауазымды адамдары.»;

4-тармағының 42) тармақшасы 2026 ж. 12 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі

42) 729-баптың бірінші бөлігіндегі «455 (бірінші бөлігінде, екінші бөліктің 1), 2), 4), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында, үшінші және бесінші бөліктерінде),» деген сөздер «455 (бірінші, 1-1-бөліктерінде, екінші бөліктің 1), 2), 4), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында, үшінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде),» деген сөздермен ауыстырылсын;

4-тармағының 43) тармақшасы 2026 ж. 12 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі

43) 732-баптың бірінші бөлігіндегі «444 (үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 445, 445-1, 455 (1-1-бөлігінде)» деген сөздер «444 (үшінші, 3-1, төртінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде), 445 (бірінші, екінші, төртінші, 4-1, бесінші, алтыншы, 6-1, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, 10-1, 10-2 және он бірінші бөліктерінде), 455 (1-1 және алтыншы бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;

4-тармағының 44) тармақшасы 2026 ж. 12 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі

44) мынадай мазмұндағы 732-2-баппен толықтырылсын:

«732-2-бап. Лотерея және лотерея қызметі саласындағы уәкілетті орган

1. Лотерея және лотерея қызметі саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 445-1-бабында (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, 4-1, бесінші, 5-1 және алтыншы бөліктерінде) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.

2. Лотерея және лотерея қызметі саласындағы уәкілетті органның басшысы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға құқылы.»;

45) 738-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қазақстан Республикасында әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу қазақ тілінде жүргізіледі, қазақ тілімен қатар ресми түрде орыс тілі, ал қажет болған кезде басқа да тілдер қолданылады.»;

46) 741-баптың бірінші бөлігінің 4) тармақшасындағы «жататын», «конституциялық емес» деген сөздер тиісінше «тиіс», «Конституцияға сәйкес келмейді» деген сөздермен ауыстырылсын;

47) 787-бап 15) тармақшасындағы «сот приставтары жүргізе алады.» деген сөздер «сот приставтары;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 16) тармақшамен толықтырылсын:

«16) шағын көлемді кемелерді пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қағидалар бұзылған кезде - азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарының азаматтық қорғау саласындағы бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын қызметкерлері, әскери қызметшілері жүргізе алады.»;

48) 788-бапта:

үшінші бөліктегі «азаматты» деген сөз «Қазақстан Республикасының азаматын» деген сөздермен ауыстырылсын;

төртінші бөліктегі «Ұстап алынған адамға» деген сөздер «Адамға ұсталған сәтте бостандығын шектеу негіздері,» деген сөздермен ауыстырылсын;

бесінші бөліктегі «Ұстап алынған адамға» деген сөздер «Ұсталған адамға бостандығын шектеу негіздері,» деген сөздермен ауыстырылсын;

49) 796-баптың екінші бөлігі «әскери полицияның қызметкерлері» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарының азаматтық қорғау саласындағы бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын қызметкерлері, әскери қызметшілері» деген сөздермен толықтырылсын;

50) 797-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Көлік құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені ұстап алуды, жеткізуді және пайдалануға тыйым салуды ішкі істер органдарының қызметкерлері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету және қорғау кезінде Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің әскери қызметшілері, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарының азаматтық қорғау саласындағы бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын қызметкерлері, әскери қызметшілері, ұлттық қауіпсіздік органдарының, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының көлік құралын басқаратын адам әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кезде әскери полиция органдарының әскери қызметшілері, өз өкілеттіктері шегінде көліктік бақылау органдарының, орман және аңшылық шаруашылығы органдарының, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, жануарлар дүниесін мемлекеттік қорғаудың (орман, балық, аңшылық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнаманы бұзған кезде), ветеринария саласындағы, өсімдіктер карантині жөніндегі және өсімдіктерді қорғау саласындағы уәкілетті органның, мемлекеттік кіріс органдарының лауазымды адамдары өз өкілеттіктері шегінде жүргізеді.»;

51) 804-бапта:

4-тармағының 51-тармақшасының екінші - алтыншы абзацтары 2026 ж. 12 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі

бірінші бөлікте:

14) тармақша «444 (бірінші бөлігі),» деген сөздерден кейін «445 (үшінші және он екінші бөліктері),» деген сөздермен толықтырылсын;

14-1) тармақшада:

«214-бап» деген сөздер «214» деген цифрлармен ауыстырылсын;

«он тоғызыншы бөліктері) деген сөздерден кейін «, 445-1 (жетінші бөлігі)-баптар» деген сөздермен толықтырылсын;

үшінші бөліктің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамдарының (230 (екінші бөлігі) (бұл бұзушылықтарды жолаушыларды тасымалдаушылар жасаған кезде), 582 (шағын көлемді кемені пайдаланумен және (немесе) басқарумен байланысты құқық бұзушылықтар туралы істерді қоспағанда), 621 (төртінші бөлігі), 622 (бірінші бөлігі), 623, 625 (автомобиль көлігінде және қалалық рельстік көлікте құқық бұзушылықтар жасағаны үшін)-баптар);»;

4-тармағының 52) тармақшасы 2026 ж. 12 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі

52) 805-баптың бірінші бөлігі «116,» деген цифрлардан кейін «116-1,» деген цифрлармен толықтырылсын;

4-тармағының 53) тармақшасы 2026 ж. 12 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі

53) 807-баптың бірінші бөлігінің 4) тармақшасы «116,» деген цифрлардан кейін «116-1,» деген цифрлармен толықтырылсын;

54) 818-баптың бірінші бөлігінің 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«6) істі қарауға қатысатын адамдарға осы Кодексте көзделген олардың құқықтары мен міндеттерін, оның ішінде заңға сәйкес азаматтардың ақы төлемей білікті заң көмегін алу құқығын түсіндіреді;»;

55) 829-10-баптың бірінші бөлігінің 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«6) істі қарауға қатысатын адамдарға осы Кодексте көзделген олардың құқықтары мен міндеттерін, оның ішінде заңға сәйкес азаматтардың ақы төлемей білікті заң көмегін алу құқығын түсіндіреді;»;

56) 852-баптың екінші бөлігінің 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«5) Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының осы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істе қолданылған заңды немесе өзге де нормативтік құқықтық актіні, оның жекелеген ережелерін Конституцияға сәйкес келмейді деп тануы негіздер болып саналады.»;

57) 870-бапта:

тақырыптағы «Парламентінің» деген сөз «Құрылтайының» деген сөзбен ауыстырылсын;

бірінші бөлікте:

«Парламентінің» деген сөз «Құрылтайының» деген сөзбен ауыстырылсын;

«Парламентінің тиісті Палатасының» деген сөздер «Құрылтайының» деген сөзбен ауыстырылсын;

екінші бөлікте:

«әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адам депутаты болып табылатын» деген сөздер алып тасталсын;

«Қазақстан Республикасы Парламентінің тиісті Палатасына» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Құрылтайына» деген сөздермен ауыстырылсын;

үшінші бөлікте:

«Парламентінің тиісті Палатасының» деген сөздер «Құрылтайының» деген сөзбен ауыстырылсын;

«Парламенті» деген сөз «Құрылтайы» деген сөзбен ауыстырылсын;

төртінші және бесінші бөліктердегі «Қазақстан Республикасы Парламентінің тиісті Палатасы» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Құрылтайы» деген сөздермен ауыстырылсын;

алтыншы және жетінші бөліктердегі «Қазақстан Республикасы Парламентінің тиісті Палатасы» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Құрылтайы» деген сөздермен ауыстырылсын;

сегізінші бөліктегі «Парламентінің» деген сөз «Құрылтайының» деген сөзбен ауыстырылсын;

58) 871-баптың тақырыбындағы, бірінші және екінші бөліктеріндегі «Парламентінің», «Парламент» деген сөздер тиісінше «Құрылтайының», «Құрылтай» деген сөздермен ауыстырылсын;

59) 872-бапта:

тақырыптағы «, Төрағасының орынбасарына» деген сөздер алып тасталсын;

бірінші және екінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасын немесе судьясын өз өкілеттігі мерзімі ішінде тиісінше Қазақстан Республикасы Президентінің не Қазақстан Республикасы Құрылтайының келісімінсіз күштеп әкелуге, сот тәртібімен қолданылатын әкімшілік жазалауға болмайды.

2. Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасын сот тәртібімен әкімшілік жазалауға алып келе тін әкім шілік жауаптылыққа тартуға, күштеп әкелуге келісім алу үшін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыну енгізеді.

Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясын сот тәртібімен әкімшілік жазалауға алып келетін әкімшілік жауаптылыққа тартуға, күштеп әкелуге келісім алу үшін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Қазақстан Республикасының Құрылтайына ұсыну енгізеді.

Ұсыну әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі сотқа жіберер алдында, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасын немесе судьясын әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген сотқа, органдарға (лауазымды адамға) мәжбүрлеп жеткізу қажеттілігі туралы мәселені шешудің алдында енгізіледі.»;

үшінші бөліктегі «Парламентінің» деген сөз «Президентінің не Қазақстан Республикасы Құрылтайының» деген сөздермен ауыстырылсын;

60) 873-бапта:

бірінші бөлікте:

«55-бабының 3) тармақшасында» деген сөздер «56-бабының 11) тармақшасында» деген сөздермен ауыстырылсын;

«Парламенті Сенатының» деген сөздер «Құрылтайының» деген сөзбен ауыстырылсын;

«қамаққа алуға,» деген сөздер алып тасталсын;

екінші бөлікте:

«55-бабының 3) тармақшасында» деген сөздер «56-бабының 11) тармақшасында» деген сөздермен ауыстырылсын;

«Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Құрылтайына» деген сөздермен ауыстырылсын;

үшінші бөліктегі «Парламенті Сенатының» деген сөздер «Құрылтайының» деген сөзбен ауыстырылсын;

61) 874-бапта:

бірінші бөліктегі «Парламенті Сенатының» деген сөздер «Президентінің» деген сөзбен ауыстырылсын;

екінші бөліктегі «Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Президентіне» деген сөздермен ауыстырылсын;

үшінші бөліктегі «Парламенті Сенатының» деген сөздер «Президентінің» деген сөзбен ауыстырылсын;

62) 874-1-бапта:

бірінші бөліктегі «Парламенті Сенатының» деген сөздер «Президентінің» деген сөзбен ауыстырылсын;

екінші бөліктегі «Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Президентіне» деген сөздермен ауыстырылсын;

үшінші бөліктегі «Парламент Сенатының» деген сөздер «Президенттің» деген сөзбен ауыстырылсын;

63) 875-бапта:

тақырыпта:

«Парламентінің» деген сөз «Құрылтайының» деген сөзбен ауыстырылсын;

«, Төрағасының орынбасарына» деген сөздер алып тасталсын;

екінші бөлікте:

«52-бабының 4-тармағында, 71-бабының 5-тармағында, 79-бабының 2-тармағында, 83-бабының 3-тармағында» деген сөздер «55-бабының 3-тармағында, 72-бабының 6-тармағында, 80-бабының 2-тармағында, 84-бабының 4-тармағында» деген сөздермен ауыстырылсын;

«Парламентінің» деген сөз «Құрылтайының» деген сөзбен ауыстырылсын;

«, Төрағасының орынбасарына» деген сөздер алып тасталсын.

2-бап. Осы Заң:

1) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2-тармағы 9) тармақшасының үшінші абзацын;

2) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағының 7), 8) және 9) тармақшаларын, 2-тармағының 21) тармақшасын, 22) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 23) тармақшасын, 3-тармағының 6), 7), 10), 12), 13), 14), 15) және 18) тармақшаларын, 4-тармағының 17), 20), 22), 24), 27), 28), 29), 31), 38), 39), 42), 43) және 44) тармақшаларын, 51-тармақшасының екінші, үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы абзацтарын, 52) және 53) тармақшаларын қоспағанда, 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

Қ. ТОҚАЕВ

 

Астана, Ақорда, 2026 жылғы 11 маусым

№ 307-VІІІ ҚРЗ